Мәзір

Шығыс Қазақстанда бірден 12 әкім жазаланды

Шығыс Қазақстанда бірден 12 әкім жазаланды Шығыс Қазақстанда бірден 12 әкім жазаланды
ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында рұқсат етілмеген 15 қоқыс орны анықталды. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 177 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан прокуратурасы спутниктік суреттерді талдап, елді мекендердің аумағын тексерген. Нәтижесінде заңсыз қоқыс орындары анықталған.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау шаралары аясында өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның мәліметінше, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленген.

Ведомство тұрғындарды тазалық сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге шақырды. Бұл бағыттағы жұмыстар прокуратураның бақылауында.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2