"Қазгидромет" РМК 1-3 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
1-3 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ жел күшейеді.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде -1…-6 градусқа дейін, күндіз +3…+8 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік-батыста күндізгі температура +15…+25 градустан +5…+15 градусқа дейін түседі.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +13…+23 градус аралығында болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +20…+25 градус, ал таулы аймақтарда +10…+15 градус шамасында сақталады.