Мәзір

Қар, үсік және көктайғақ: синоптиктер ескерту жасады

Қар, үсік және көктайғақ: синоптиктер ескерту жасады Қар, үсік және көктайғақ: синоптиктер ескерту жасады
MarcusR/Getty Images Подробнее на: https://ulysmedia.kz/news/84167-tsiklon-nastupaet-v-kakikh-regionakh-kazakhstana-rezko-izmenitsia-pogoda/

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, түнде үсік жүріп, қар мен көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады., деп хабарлайды buginmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Петропавл қаласында да осындай метеорологиялық жағдай күтіледі.

Алматы облысының шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 4 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында да өрт қаупі жоғары. Іле Алатауының таулы аймақтарында жел күшейеді.

Ақтөбе облысының шығысы, батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды қаласында да тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман болады. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да тұман түсіп, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Атырау облысы мен Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Өңір бойынша төтенше, ал солтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен таулы аудандарында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде түнде және таңертең тұман түседі. Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында да тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Өңірде жоғары өрт қаупі, ал орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында да өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі, батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірдің бірнеше бөлігінде, соның ішінде солтүстік-батысы, батысы, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында да тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Алакөл көлдері маңында жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде өңірде 2-7 градус, ал Талдықорған қаласында 4-6 градус үсік жүруі мүмкін.

Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында да түнде және таңертең тұман болады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2