20 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz.
20 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Абай облысында түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін. Астанада желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары, ал батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең оңтүстігі, шығысы мен орталығында тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысы мен шығысында 2 градус үсік жүреді.
Жетісу облысында түнде 2–7 градус үсік күтіледі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні кейде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының шығысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының батысы, солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түнде шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында да осындай ауа райы сақталады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстігі мен таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі, ал қалған бөліктерінде жоғары өрт қаупі сақталады.