Мәзір

Қар, жел, көктайғақ: 2 қарашаға ауа райы болжамы

Қар, жел, көктайғақ: 2 қарашаға ауа райы болжамы Қар, жел, көктайғақ: 2 қарашаға ауа райы болжамы
ашық дереккөз

2 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар еліміздің кей аймақтарында желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз күн райы сақталса, басқа аймақтарда жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман басуы мүмкін. Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында да жаңбыр мен қар күтіледі. Әсіресе таулы аудандарда көктайғақ болуы ықтимал. Алматы облысының таулы аймақтарында күннің екінші жартысында жаңбыр мен қар жауады.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Астанада күндіз ауа температурасы 6-8 градусқа дейін көтерілсе, Алматыда 15-17, Шымкентте 19-21 градус жылы болады.

Өзге өңірлерде де күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Алайда кей жерлерде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының өзгеруін ескеріп, жолда сақ болуға кеңес береді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2