Мәзір

Парагвайда ірі банк жабылып, 3 миллион адамның шоты бұғатталды

Парагвайда ірі банк жабылып, 3 миллион адамның шоты бұғатталды Парагвайда ірі банк жабылып, 3 миллион адамның шоты бұғатталды
Фото: apnews

Парагвайда елдегі ең ірі цифрлық банктердің бірі – Ueno Bank қызметі тоқтап, шамамен 3 миллион клиенттің банк шоттарына қолжетімділік шектелді. Қаржы ұйымының дағдарысы елде саяси жанжал туғызып, президенттің қызметінен кетуіне себеп болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

3 қарашада Парагвайдың Орталық банкі Ueno Bank-ке қатысты арнайы реттеу рәсімін бастаған. Бұған қаржы ұйымының төлем қабілеттілігі заңда белгіленген ең төменгі талаптың жартысынан да төмендеп кетуі себеп болған.

Осы шешімнен кейін клиенттер банк шоттарына кіріп, ақшасын пайдалана алмай қалған. Төлем карталары, банкоматтар және мобильді қосымша арқылы жасалатын операциялар да тоқтаған.

Ueno Bank-тің мәліметінше, қаржы ұйымының шамамен 3 миллион клиенті болған. Бұл – Парагвайдағы ересек тұрғындардың 60 пайызына жуық. Сонымен қатар банк мемлекеттік мекемелер мен зейнетақы қорларына тиесілі шамамен 850 миллион доллар қаражатты басқарған.

Дағдарыс мемлекеттік зейнетақы төлемдеріне де әсер еткен. Мыңдаған зейнеткер өз қаражатына қол жеткізе алмай қалған.

Банк дағдарысы саяси жанжалға ұласты

Банк төңірегіндегі жағдай елдің саяси басшылығына да әсер етті. Парагвай президенті Сантьяго Пеньяның бұған дейін Ueno Bank иесімен іскерлік байланысы болғаны белгілі болды. Президент бұл қаржы ұйымында тікелей үлесі болмағанын және бұрынғы бизнес үлесін 2025 жылы сатқанын мәлімдеген.

Дағдарыстан кейін Орталық банк басшысы қызметінен кетті. Сондай-ақ банк басшыларына қатысты тергеу басталып, сегіз басшыны ұстауға ордер берілген.

5 қарашада президент Сантьяго Пенья қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның отставкасы банк күйреуінен кейін күшейген саяси қысыммен байланысты болды. Ел парламентінде оған импичмент жариялау мәселесі де қаралған.

Қазір билік клиенттердің шоттарын басқа қаржы ұйымдарына аударып, салымшылардың ақшасын қайтару жолдарын қарастырып жатыр. Парагвай билігі бұл жағдай бүкіл банк жүйесінің дағдарысын білдірмейтінін мәлімдеген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2