Мәзір

"Үш баласымен қуып шыққан": әйел бай баласының 25 жылдан соң сұмдыққа тап болғанын айтты

"Үш баласымен қуып шыққан": әйел бай баласының 25 жылдан соң сұмдыққа тап болғанын айтты "Үш баласымен қуып шыққан": әйел бай баласының 25 жылдан соң сұмдыққа тап болғанын айтты
ашық дереккөз

Психолог Ақмарал Орынбаеваға хат жазған әйел басынан өткен қиындықтарын баяндады. Оның айтуынша, 18 жасында тұрмысқа шығып, күйеуінің отбасында талай қорлық көрген. Жылдар бойы күйеуінің ұрып-соғуына шыдап, үш баласын өсірген., деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әйелдің сөзінше, бұрынғы күйеуі ауқатты отбасының баласы болған. Ал өзі мектепте еден жуып жұмыс істеген әйелдің қызы еді. Күйеуінің анасы оны үй шаруасына көнеді деген оймен таңдаған көрінеді.

«Алып қашты. Тек құлдыққа, әрине, енемнің енесін қарауға. Ол кісі кейде төсегін былғап қоятын. Ал анасы "Сол әйелдің қызын ал, ешкімі жоқ, жесірдің қызы, малай болады" депті. Міне, 18 жасымда келін емес, құл болдым», – деп жазды әйел.

Оның айтуынша, күйеуі ішімдік ішіп, басқа әйелдермен жүрген. Оған қоса әйелін ұрып-соққан. Соған қарамастан, анасының көңілін қимағандықтан, отбасынан кетпеген. Үш баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген.

Әйел қайын атасының жақсы адам болғанын айтады. Ал енесі күйеуі үйде жоқ кезде оны кемсітіп, ауыр сөздер айтқан. Қайын атасының анасына да өзі қараған.

«Үлкен енем батасын беріп, құлағыма сыбырлап: "Кет бұл үйден, бір күні ұрып өлтіреді" деген еді», – деп еске алды ол.

Кейін күйеуі үйге басқа әйелді ертіп келіп, оны балаларымен бірге үйден қуып шыққан.

«Бір күні күйеуім үйге басқа әйел әкеліп, мені сүйреп үйден шығарды. Үш баламды берді де, "кет" деді. "Ит те кетеді" деп бір тепкен еді», – деп жазды хат авторы.

Алайда әйел өмірден түңілмей, балаларын өсіріп, өз аяғына тұрған. Екі қызы тұрмысқа шыққан, ұлы заңгер болған. Қазір өзінің жеке кәсібі бар.

Ал бұрынғы күйеуі жалғыз қалып, қиын жағдайға тап болған. Әйел соған қарамастан, ұлына әкесін емдетіп, кейін қарттар үйіне орналастыруды тапсырғанын айтады.

«Енем жаман аурудан қайтқан екен. Атам да бұл өмірде жоқ. Менің алдымда бомж тұрды. Оның алдында мен тұрдым: бала-шағасымен және жетілген әйел. Міне, бұл өмір», – деп жазбасын аяқтады ол.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2