Мәзір

"Кейде оңаша жылап аламын": Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды

"Кейде оңаша жылап аламын": Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды "Кейде оңаша жылап аламын": Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды
Фото: sultankyzy парақшасынан

Ләйлә Сұлтанқызы төрт жыл бұрын өайтыс болған жары Қайрат Беркімбаевты еске алып, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады. Ол марқұмды әлі күнге дейін сағынатынын айтып, онсыз өткен жылдардың оңай болмағанын жеткізді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Өзіңізсіз төрт күз, үш қыс, төрт көктем өтті. Бірақ сіз кеткен қарашаның ызғары бәрібір жүрегімізден кеткен жоқ… Уақыт емдемейді екен. Тек сағынышпен өмір сүруді үйретеді. Оңай емес… Қатты қиналған сәттерде ешкімге көрсетпей, кейде оңаша жылап аламын. Шыным», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Ләйлә Сұлтанқызы кейде марқұммен ойша сөйлесіп, сырласатынын айтты.

Жазбасында ол отбасының бүгінгі жаңалықтарымен де бөлісті. Айтуынша, Сағадат пен Сардар өсіп келеді. Жиен немересі Таймас дүниеге келсе, үлкен немересі Ажар шетелде білім алып жүр. Ағайын-туыстың амандығына шүкіршілік ететінін жеткізді.

«Сені сағынышпен еске алып, үнемі дұғасына қосып жүретін жақындарың бар. Соның бәріне шүкіршілік етемін. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Алла алдынан жарылқасын», – деп түйіндеді ол.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2