Мәзір
Бүгін, 20:47 / BuginMedia / Саясат

Құрылтай құрамына өткен 4 партия депутаттар тізімін бекітті

Партиялар жаңа Құрылтай құрамына өткен депутаттар тізімін жариялады,  деп хабарлады buginmedia.kz.

Құрылтай құрамына өткен 4 партия депутаттар тізімін бекітті Құрылтай құрамына өткен 4 партия депутаттар тізімін бекітті
Фото: istockphoto.com

2026 жылғы 26 тамызда "Ауыл" партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімі бекітілді.

Шешім 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша қабылданды.

Сайлау нәтижесінде "Ауыл" партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды. Партия Жарғысына сәйкес Саяси кеңес Бюросы алқалы түрде мына кандидаттардың тізімін бекітті:

1.Айтуғанов Қайрат Қапарұлы

2.Байманов Шахмардан Асқарұлы

3.Бегалиева Захира Оңғарбайқызы

4.Егізбаев Серік Рахметоллаұлы

5.Иргибаев Мұрат Саматұлы

6.Каджибекова Ажар Елемесова

7.Киян Владимир Сергеевич

8.Мұхаметов Алмас Ерекұлы

9.Райханова Динара Қуанышқызы

10.Токсеитова Рабига Альбековна

Тиісті құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданған. 

“Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптары сақталды. Олардың бекітілген құрамдағы жиынтық үлесі – 60%. Тізім кандидаттардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттері ескеріле отырып жасақталды және сапалы әрі теңгерімді құрамымен ерекшеленеді”, – деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.

Демократиялық Respublica партиясы Құрылтайдағы өз депутаттарының құрамын анықтады.

Жаңа Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттар:

1. Бекжан Бахтыбекұлы Айтқұлов

2. Руслан Рашитұлы Идрисов

3. Мейрхат Мейрамханұлы Қасымбаев

4. Олжас Хайроллаұлы Құсбеков

5. Динара Рүстемқызы Наумова

6. Екатерина Сергеевна Смолякова

7. Нұргүл Тау

8. Махамбет Қабдулқайырұлы Хасенов

9. Айдарбек Асанұлы Қожаназаров

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) жаңа Құрылтай құрамында жұмыс істейтін өз өкілдерінің сегіз адамнан тұратын тізімін таныстырды.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖСДП Президиумының отырысы қорытындысы бойынша партия атынан Қазақстан Республикасының Құрылтайында өкілдік ететін кандидаттар тізімі бірауыздан қолдау тапқан.

Құрылтай құрамына ЖСДП атынан мына сегіз кандидат кіреді:

1. Асхат Рахимжанов – ЖСДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Халықаралық социалистік интернационалдың вице-президенті;

2. Мақсұт Насибулов – ЖСДП Орталық аппаратының жетекшісі;

3. Нұрайнаш Камалова – ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы;

4. Лариса Ли – "PANA" жобасының жетекшісі;

5. Аслан Құлмағамбетов – ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы;

6. Арман Ақылбай – ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры;

7. Наурыз Сайлаубай – ЖСДП жастар қанатының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;

8. Ажар Сағандықова – ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, ЖСДП Әйелдер қанатының жетекшісі.

“Ақ жол” партиясы да Құрылтай депутаттарының 8 мандатын бөлді.

"Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлауда алған Құрылтай депутаттарының 8 мандатын "Ақ жол" ҚДП партиялық тізіміне кірген кандидаттар арасында бөлді.

1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы

2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы

3. Еспаева Дания Мәдиқызы

4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы

5. Ли Юрий Виссарионович

6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы

7. Шынасылова Мейраш

8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының ресми қорытындысы жариялап, бес партия мандаттарды қалай бөлісетінін айтқан еді.

“Әділет” партиясы 145 депутаттық мандаттың 110-ына ие болмақ. Қалған партиялар арасында мандат төмендегідей бөлінеді:

"Ауыл" – 10 мандат;

Respublica – 9 мандат;

"Ақ жол" – 8 мандат;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының ресми қорытындысы жариялап, бес партия мандаттарды қалай бөлісетінін айтқан еді.

“Әділет” партиясы 145 депутаттық мандаттың 110-ына ие болмақ. Қалған партиялар арасында мандат төмендегідей бөлінеді:

"Ауыл" – 10 мандат;

Respublica – 9 мандат;

"Ақ жол" – 8 мандат;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2