Мәзір

"Талай сыннан өттім": Бақытжан Базарбек қуанышты жаңалығын жариялады

"Талай сыннан өттім": Бақытжан Базарбек қуанышты жаңалығын жариялады "Талай сыннан өттім": Бақытжан Базарбек қуанышты жаңалығын жариялады
ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Халық сүйіктісі» ұлттық премиясында «2026 жылдың ең үздік Парламент депутаты» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Депутат марапаттың өзі үшін ерекше екенін айтып, оны халықтың еңбегіне берген бағасы деп санайтынын жеткізді.

«Халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын мен үшін бұл марапаттың орны ерекше. Өйткені бұл – халықтың маған берген бағасы, еңбегіме көрсеткен құрметі», – деп жазды ол.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, ол бұған дейін де осы байқауда жеңімпаз атанған. 2023 жылы қазіргі Ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен бірге «Жылдың үздік Парламент депутаты» номинациясын иеленген. Ал 2024 және 2025 жылдары байқаудың финалына шыққан.

Депутат марапаттан гөрі Парламентте атқарған жұмысының халық өміріне тигізген пайдасы маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, негізгі мақсат – елдің тұрмысын жақсарту, сыбайлас жемқорлықты азайту және әділетті қоғам қалыптастыру.

«Биліктің сүйіктісі болмасам да, халқымның сүйіктісі болуға тырыстым. Сол сара жолда талай сыннан өтсем де, халқымның мүддесі әрдайым жүрегімнен орын алды», – деді ол.

Сондай-ақ Бақытжан Базарбек заңдылық пен әділеттілікті қалыптастыру бағытында жоспарлаған жұмыстарының барлығын аяқтап үлгермегенін жазды. Алдағы уақытта Құрылтайдың жаңа депутаттарымен бірге заңнаманы жетілдіруге және ел мүддесіне бағытталған бастамаларды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2