Мәзір
Бүгін, 13:37 / BuginMedia / Саясат

Астана әкімінің орынбасары Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана әкімінің орынбасары Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды Астана әкімінің орынбасары Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
Фото: gov.kz

Есет Байкен бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол бұл лауазымда қызметінен босатылған Дастан Рыспековтің орнына келді.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Мемлекет басшысының жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы – құқықтану және қаржы.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы әкімдігінде бастап, түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2019 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімі болса, 2020–2022 жылдары Астананың Сарыарқа ауданын басқарды. Кейін төрт жыл бойы елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылған болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2