Мәзір
Бүгін, 11:31 / BuginMedia / Саясат

Тағы бір әкім қызметінен босатылды

Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Тағы бір әкім қызметінен босатылды Тағы бір әкім қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Дастан Адайұлы мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.

Дастан Рыспеков 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін ҚазМЗУ Алматы заң академиясында «құқықтану» мамандығын игеріп, 2022 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бас маман ретінде бастаған. Әр жылдары осы саладағы түрлі басшылық қызметтерді атқарып, Алматы қаласының Тексеру комиссиясында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде еңбек етті.

Сондай-ақ «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясында, Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасында басшылық қызметтерде болды.

2020-2023 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Одан кейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

2024 жылғы 9 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылған болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2