Мәзір

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды
Фото: Ақорда

Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

—  Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Айдос Мырзахметов туралы не белігілі?

Айдос Мырзахметов - генерал-майор. Ол 2002 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған. Әскери қызметін взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі жолдан өткен.

2024 жылғы қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Мырзахметовті Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады.

2026 жылғы мамырда оған генерал-майор жоғары әскери атағы берілді. Сондай-ақ, Айдос Мырзахметов II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Қосанов қызметінен босатылды

27 қыркүйекте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты қорғаныс министрі қызметінен босатты.

Бұл шешім Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан бірнеше күн өткен соң қабылданды.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.

Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қайғылы оқиғадан кейін тергеу басталды. Іс ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша тергеліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Кейінірек Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2