Мәзір

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
фото: Атырау облысы әкімдігі

Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Жаңа әкімді қызметке тағайындау туралы өкімге Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қол қойған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Данияр Таханов 1985 жылы Атырауда дүниеге келген. Бейжіңдегі Қытай мұнай университетінде «Өндірістік-коммерциялық басқару» және «Өндірістік экономика» мамандықтары бойынша білім алған. Сонымен қатар «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2009 жылы «ҚазҚұрылысСервис» АҚ-да бастаған. 2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалына инженер болып жұмысқа орналасқан.

2012-2017 жылдары «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары және «Atyrau Innovations» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2017 жылдан бастап «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында басшылық қызметтерде еңбек етті. Алдымен басқарма төрағасының орынбасары, кейін басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың мамырынан бері аталған корпорацияға жетекшілік етіп келген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2