Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев Президент Әкімшілігіне қызметке келді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ол Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Азамат Есқараев жаңа тағайындауға дейін Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Бұл қызметке ол үкіметтегі жұмысынан кейін 2025 жылдың көктемінде келген. 2026 жылдың шілдесінде Есқараев Қазақстанның Бангладеш, Бутан, Мальдив аралдары және Непалдағы елшісі қызметін қоса атқарды.
Азамат Есқараев кім?
Азамат Есқараев 46 жаста, Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын әділет министрлігінде бастап, кейін талдау және стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ заңнама департаменттерін басқарды. Бұдан соң Алматы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеген. 2014 жылдан бастап премьер-министр кеңсесінде қызмет атқарды.
2023 жылдың қаңтарында Азамат Есқараев Қазақстанның әділет министрі болып тағайындалып, бұл қызметті екі жыл атқарды. 2025 жылдың қаңтарында оның орнына Ерлан Сәрсембаев келді.
Есқараевқа дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімін Айдар Жарылғанов басқарған. Президент оны 2 қазанда қызметінен босатқан.