Мәзір

Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды

Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды
Фото: Атырау облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау департаменті

Атырау облысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департамент басшысы Бауыржан Асаиновтың мәйіті өзі тұрған пәтерден табылды. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» басылымы жазды., деп хабарлайды buginmedia.kz.

Басылымның мәліметінше, оқиға 18 қазанда болған. Марқұмның денесі пәтерінен табылған. Мәйіттің пәтерде екі аптаға жуық уақыт жатуы мүмкін екені хабарланды.

Бауыржан Асаинов 2023 жылдан бері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментін басқарған.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2