Ол бұл мәселе толық зерделеніп, реттелгенін, мемлекеттік қызметші ретінде әдеп нормаларын сақтайтынын және арандатушылық әрекеттерге бармайтынын айтты.
"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты жауап берейін деп шештім. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндетімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған шаршы алаңнан тыс жерлерде күш қолдануға болмайтынын үйреткен. Әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі", – деді Серік Сәпиев.
Айта кетейік, бұған дейні Серік Сәпиевке шабуыл жасалып, дене жарақатын алғаны хабарланған еді.