Мәзір

Отбасылық жанжалдан кейін блогер Жанәбілов қамауға алынды

Отбасылық жанжалдан кейін блогер Жанәбілов қамауға алынды Отбасылық жанжалдан кейін блогер Жанәбілов қамауға алынды
ашық дереккөз

Блогер Ерболат Жанәбілов жұбайы Эльмира Төлегеновамен болған тұрмыстық жанжалдан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Эльмира Төлегенованың Threads платформасындағы жазбасы анықталған. Ол жариялаған видеода күйеуімен болған жанжал туралы айтып, қолындағы қызарған жерлерді көрсеткен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Тексеру нәтижесінде ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталған. Алайда Эльмира Төлегенова полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Соған қарамастан, полицейлер Жанәбіловке қатысты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекет бойынша әкімшілік материал толтырған. Іс сотқа жолданған. Блогер уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.

Полиция бұған қоса, Жанабыловтың бұған дейін де пробациялық бақылау талаптарын бұзғанын хабарлады. 28 тамызда сағат 22:00-ден кейін ол көрсетілген мекенжайда болмаған.

Бұл дерек бойынша да әкімшілік материалдар сотқа жолданды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2