Мәзір
Бүгін, 16:26 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Адам бағы таяйын десе де бір ақ минут, жананайын десе де солай»: Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті тағы да талқыға түсті

Белгілі әзілкеш пен шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Адам бағы таяйын десе де бір ақ минут, жананайын десе де солай": Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті тағы да талқыға түсті "Адам бағы таяйын десе де бір ақ минут, жананайын десе де солай": Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті тағы да талқыға түсті
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Продюсер Гүлім Еркін өзінің Instagram парақшасында көптен күткен музыкалық жоба – «The Voice Қазақстан» жаңа маусымының басталатынын хабарлады.

«11 қазаннан бастап сағат 20:00-де «The Voice Қазақстан»! Әрқашан Хабарда болайық!», – деп жазды продюсер.

Жарияланған суреттердің бірінде көпшілікке танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та бар.

Көптен бері көпшілік алдында көрінбеген Қабатовтың бейнесі бірден назар аударды.

 «Тұрсынбектің түрі тегі біртүрлі боп кеткен,қартайып кеткен ба бірдеңе». "Басына бір нәрсе болған", "Түрі жаман, ауырған ба әлде ішкен адам сияқты аллам сақтасын, адам бағы таяйын десе де бір ақ минут, жананайын десе де солай аллам жар болсын" деген пікір жазды.

Кейбірі оның денсаулығына алаңдаушылық білдірсе, енді бір бөлігі ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кеткен әзілкештің қайта оралуын қуанышпен қабылдады.

Бұған дейін танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан бөтен еркекпен түскен видеосын жариялады. Сонымен қатар ол отбасындағы құпия сыртқа шығып кеткені туралы айтты. Оған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған еді. Қабатов тоқал алды деген сыбыс тарағаннан кейін заңды некедегі жұбайы Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік берген видеосы шықты. Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова жас әншімен бейнебаян түсірді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2