Әзілкеш Мансар Орынхан жұбайы Нұрайым Халиланың отбасындағы жағдай туралы жазбасынан кейін пікір білдірді. Ол отбасын сақтап қалу үшін бар күшін салатынын айтып, әйеліне қатысты пікір жазып жүрген адамдарға наразылығын жеткізді., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұған дейін Нұрайым Халила күйеуінің алты күн бойы үйге келмегенін және өзін барлық жерде бұғаттап тастағанын жазған еді. Сондай-ақ үш баласымен баспанасыз қалғысы келмейтінін айтып, үйден кетпейтінін мәлімдеген.
Ал Мансар Орынхан отбасы өзі үшін ең үлкен байлық екенін атап өтті. Ол ешбір отбасының ажыраспауын, балалардың ата-анасыз қалмауын тілейтінін жеткізді.
«Менің отбасыма менен артық ешкімнің жаны ашымайды және жақсы көрмейді. Әйелімді маған қарсы айдап салып жатқан кейбір адамдар, қандай жиіркенішті едіңдер! Мен отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын. Жасап та жүрмін!» – деп жазды әзілкеш.
Ол отбасын сақтап қалуға ниетті екенін тағы да қайталап, жұбайына қатысты сырттан айтылып жатқан пікірлерге қарсылық білдірді.
Бұған дейін әзілкеш Мансар Орынханның жұбайы Нұрайым Халила әзілкештің үйге қонбайтынын айтып желіде жазба жариялаған еді.