Мәзір

Бір перзентханада туған төрт қазақстандық 21 жылдан кейін кездесті

Бір перзентханада туған төрт қазақстандық 21 жылдан кейін кездесті Бір перзентханада туған төрт қазақстандық 21 жылдан кейін кездесті
әлеуметтік желіден

Жамбыл облысының тұрғыны Санжар Диярбек 21 жыл бұрын өзімен бір перзентханада дүниеге келген үш адамды әлеуметтік желі арқылы тапты. Оларды табуға отбасылық альбомда сақталған ескі сурет көмектескен. Ерекше оқиға Threads желісінде кеңінен тарап, екі күнде бес миллионға жуық қаралым жинады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жамбыл облысының тұрғыны Санжар Диярбек 21 жыл бұрын өзімен бір перзентханада дүниеге келген үш адамды әлеуметтік желі арқылы тапты. Оларды табуға отбасылық альбомда сақталған ескі сурет көмектескен. Ерекше оқиға Threads желісінде кеңінен тарап, екі күнде бес миллионға жуық қаралым жинады

Оқиға Санжардың отбасылық альбомды қарап отырып, 2005 жылғы қаңтарда түсірілген суретті табуынан басталған. Фотода Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы перзентханада бір бөлмеде жатқан төрт нәресте бейнеленген.

Санжар суреттегі балалардың бүгінде қайда жүргенін, кім болып өскенін білгісі келіп, фотосуретті Threads желісіне жариялаған. Ол желі қолданушыларынан қалған үш баланы іздеуге көмектесуді сұраған.

Көп ұзамай Дана есімді бойжеткен хабарласып, суреттегі сәбилердің бірі өзі екенін растаған. Артынша Әнел де табылған. Оның отбасында да сол перзентханада түсірілген фотосуреттер сақталыпты.

Ал төртінші баланы табуға Әділеттің анасы көмектескен. Ол жазбаны көріп, суреттегі нәрестелердің бірі өзінің ұлы екенін хабарлаған. Осылайша, 21 жыл бұрын бір палатада жатқан төрт баланың кім екені анықталды.

Алғашқы кездесу Алматыда өтті

Әлеуметтік желіден басталған таныстық шынайы кездесуге ұласқан. Санжар мен Әнел Алматыда жүздесіп, бірге кофе ішкен. Тіпті осы ерекше сәтті атап өту үшін арнайы торт та әзірлеген.

Ал Таразда тұратын Дана мен Көкшетаудағы Әділет Алматыға келе алмағандықтан, кездесуге бейнебайланыс арқылы қосылған.

Осылайша, отбасылық альбомда 21 жыл сақталған бір сурет бір-бірін мүлде танымай өскен төрт жастың қайта табысуына себеп болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2