Мәзір
11 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астана-Алматы автожолында жол апатынан 3 адам қаза тапты

2025 жылғы 11 тамыз сағат 00:10 шамасында «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1396-шақырымында (Батпақты ауылы, Осакаров ауданы, ІА санаты) жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астана-Алматы автожолында жол апатынан 3 адам қаза тапты Астана-Алматы автожолында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды.

"Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру керектігін ескертеміз", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: