Мәзір
5 тамыз, 2025 / BuginMedia / Экономика

Кәсіпкерлерді қытай компанияларымен тікелей байланыстыратын маркетплейс іске қосылады

Қазақстанда шағын және орта бизнестің (ШОБ) тауарды шетелден көтерме бағамен сатып алуын жеңілдететін жаңа онлайн-платформа іске қосылады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Кәсіпкерлерді қытай компанияларымен тікелей байланыстыратын маркетплейс іске қосылады Кәсіпкерлерді қытай компанияларымен тікелей байланыстыратын маркетплейс іске қосылады
Фото: myfin.by

Қазақстанда көтерме импортты ретке келтіруге және ШОБ-ты қолдауға бағытталған отандық B2B-платформасын іске қосу жоспарлануда. Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әзірленіп жатқан алаң рәсімдерді жеңілдету және жеткізушілермен тікелей арналар арқылы интеграциялау үшін цифрлық шешімдерді пайдаланатынын баяндады.

«JD.com және Alibaba тобымен келіссөздер жүргізуді қоса алғанда цифрлық шешімдерді енгізу, рәсімдерді оңайлату және жеткізушілермен тікелей арналар арқылы интеграциялау жоспарлануда», — деді министр.

Жобаны толыққанды іске қосу үшін Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер талқыланады, сондай-ақ тауарларды сертификаттау кезіндегі техникалық кедергілерге байланысты мәселелер шешіледі.

Апта талқысында: