Синьхуа агенттігінің мәліметінше, табиғи апат Суйчуань уезінде болған. Бірнеше күнге созылған жауын-шашын салдарынан өңірдің бірқатар аумағында сел мен көшкін жүрген.
Цзоань және Танху елді мекендерінде тағы бір адам қаза тауып, екі тұрғын із-түзсіз жоғалған.
Қазір құтқарушылар жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр. Сонымен қатар жолдарды қалпына келтіру, қауіпті учаскелерді нығайту және қайталама апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Қытай мен Непал шекарасындағы Гьиронг өткізу пункті маңында да сел жүрген. Ол кезде кемінде 43 адам қаза тауып, 519 адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланған.
Ал 26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында биік таулы мұздықтың бір бөлігі опырылып, тау жыныстары мен топырақ аралас жойқын ағын пайда болған.