Мәзір
Бүгін, 10:59 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қытайға баратын қазақстандықтарға ескерту: 15 қыркүйектен бастап ереже өзгереді

Қытайға ұшуды жоспарлаған қазақстандықтарға әуежайға алдын ала бару ұсынылды. Бұл туралы Қазақстанның алғашқы лоукостері FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі ескертті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қытайға баратын қазақстандықтарға ескерту: 15 қыркүйектен бастап ереже өзгереді Қытайға баратын қазақстандықтарға ескерту: 15 қыркүйектен бастап ереже өзгереді
Фото: Pixabay.com

Компанияның мәліметінше, бұл ұсыныс 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және шығудың жаңартылған ережелері күшіне енуіне байланысты жасалып отыр.

Жаңа тәртіпке байланысты иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру процедурасы бұрынғыдан ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан әуе компаниясы жолаушыларға сапарға дейін барлық қажетті құжаттарды тексеріп алуға кеңес берді.

«Қытайға сапар шегетін немесе елден ұшып шығатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттардың, оның ішінде паспорттың бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеруді, сондай-ақ Қытай Халық Республикасына кіру және шығуға қойылатын өзекті талаптармен танысуды ұсынамыз», – деп хабарлады FlyArystan.

Әуе компаниясы жолаушыларға жаңа талаптарды ескеріп, әуежайға кешікпей жетуді ұсынды.

Сонымен қатар жолаушыларға әуежайға ұшуға дейін кемінде үш сағат бұрын келіп, паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастыру ұсынылады.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим әлі де қолданыста. Қазақстан азаматтары Қытай аумағында бір сапар барысында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2