Мәзір

Дубайдан Тель-Авивке ұшқан 180 жолаушысы бар ұшақ басып алу қаупі туралы сигнал берді

Дубайдан Тель-Авивке ұшқан 180 жолаушысы бар ұшақ басып алу қаупі туралы сигнал берді Дубайдан Тель-Авивке ұшқан 180 жолаушысы бар ұшақ басып алу қаупі туралы сигнал берді
фото:depositphotos.com/ gordzam@gmail.com

Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai жолаушылар ұшағы әуе кемесін басып алу немесе заңсыз араласу болуы мүмкін екенін білдіретін сигнал жіберген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға Дубай–Тель-Авив бағытындағы FZ1073 рейсінде болған. Бастапқы ақпарат бойынша, ұшақ бортында шамамен 180 жолаушы болған. Кейін Ynet басылымы ұшақта 174 жолаушы, оның ішінде 27 бала бар екенін хабарлады. Олардың 150-ден астамы Израиль азаматтары.

Ұшу кезінде экипаж алдымен 7700 кодын жіберген. Бұл халықаралық деңгейде жалпы төтенше жағдайды білдіретін сигнал.

Біраз уақыттан кейін ұшақ 7500 кодын берген. Бұл код әуе кемесін басып алу немесе бортқа заңсыз араласу жағдайын білдіру үшін қолданылады.

Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai әуе кемесі төтенше сигналдар бергеннен кейін Сауд Арабиясы аумағында бағытын өзгертті.

Times of Israel қауіпсіздік саласындағы дереккөздерге сілтеме жасап, ұшаққа қарай Израиль әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары көтерілгенін хабарлады. Израильдік БАҚ премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың шұғыл кеңес өткізгенін жазды.

Біраз уақыт FZ1073 рейсі ұшуды бақылау сервистерінде көрінбей қалған. Кейін ұшақ Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Табук әуежайына қарай бағыт алғаны белгілі болды.

FlightStats мәліметінше, FZ1073 рейсін Boeing 737 MAX 8 ұшағы орындаған. Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 06:45-те Дубайдан ұшып, 09:10-да Бен-Гурион әуежайына қонуы жоспарланған.

Ynet басылымының мәліметінше, ұшақтың пилоттар кабинасында физикалық жанжал болған болуы мүмкін. Басылымның болжамынша, осы жағдай экипаждың әуе кемесін басып алу немесе заңсыз араласу туралы белгі беретін 7500 кодын жіберуіне себеп болуы ықтимал.

Ұшақтағы ықтимал төбелес туралы Vesti.az басылымы да басқа дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Алайда қазіргі уақытта бұл нұсқа Flydubai әуе компаниясы немесе Сауд Арабиясының билігі тарапынан ресми расталған жоқ. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2