Мәзір
Бүгін, 10:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қытай-Непал шекарасындағы апат: үшінші қазақстандық іздестіріліп жатыр

Непал мен Қытай шекарасы маңында болған табиғи апаттан кейін Қазақстанның тағы бір азаматын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қытай-Непал шекарасындағы апат: үшінші қазақстандық іздестіріліп жатыр Қытай-Непал шекарасындағы апат: үшінші қазақстандық іздестіріліп жатыр
Фото: Анадолы

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның тағы бір азаматы туралы ақпарат түсті. Қазір қазақстандық дипломаттар екі елдің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, отандасымызды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

– Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның үшінші азаматшасы туралы ақпарат келіп түсті. Қазақстандық дипломаттар екі елдің мемлекеттік органдарымен жұмысты әрі қарай жүргізіп жатыр, отандастарымызды іздестіру жалғасып жатыр, – деді Жанболат Үсенов.

Бұған дейін Қытай-Непал шекарасында Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

26 тамызда Қытай мен Непал шекарасындағы Гималай тауларында жойқын табиғи апат болды. Тасқын мен лай көшкіні Непалдың солтүстігіндегі елді мекендер мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы Жилун шекара бекетіне айтарлықтай зиян келтірді.

Соңғы мәлімет бойынша, Непалда табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 579 адамға жеткен. Екі мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалған.

ЮНИСЕФ мәліметінше, Непалдың Расува, Нувакот және Дхадинг аудандарындағы су тасқынынан кейін кемінде 17 мың бала шұғыл көмекке мұқтаж.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2