Мәзір
16 шілде, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз»: Ерке Есмахан күйеуімен қарым-қатынасы туралы пікір айтқан психологтарға жауап берді

Белгілі әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз": Ерке Есмахан күйеуімен қарым-қатынасы туралы пікір айтқан психологтарға жауап берді "Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз": Ерке Есмахан күйеуімен қарым-қатынасы туралы пікір айтқан психологтарға жауап берді
Фото: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмаханға оқырмандарының бірі: "Сізді психологтар күйеуін алдауды біледі деп жатыр ғой" деген сұрақ қойған. 

"Қателеседі олар. Ешкімді алдамаймын. Мен сүйгенді сүйемін. Психологтарға айтарым, әйелдерге одан да мынаны үйретіңіздер - еркекті жақсы көремін деп таусыласыз. Ал оған деген махаббатты жақсы көрсеңіз, өз ішіңіз сезімге толады, айналаңыз гүлденеді, жүзіңіз нұрланады. Арадағы махаббат ұлғаяды. Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз. Сол кезде еркек сізге ғашық болады. Махаббатты сүйіңіз", - деп жазды әнші.

Апта талқысында: