Мәзір

«Қайдан шыққаныңды ұмытпа»: Бағым Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға ескерту жасады

«Қайдан шыққаныңды ұмытпа»: Бағым Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға ескерту жасады «Қайдан шыққаныңды ұмытпа»: Бағым Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға ескерту жасады
ашық дереккөз

Продюсер Бағым Мұхитденова әлеуметтік желідегі жазбасында бұрынғы шәкіртіне ренішін ашық жеткізді. Ол шәкіртінің өзіне жасаған әрекеттерін атап, қазақ сахнасына жол ашқанын және бір әнінің танымал болуына үлес қосқанын еске салды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Үнсіздікті әлсіздік деп қабылдап жүрген «шәкіртім», ақылға тоқтайтын жасқа жетсең де, басқа сыймайтын әрекет жасап, артық сөз сөйлеуді қоймапсың», – деп бастады Бағым Мұхитденова.

Ол шәкіртіне өзі жасаған жақсылықты ұмытпау керегін айтты.

«Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, «бәріне өз күшіммен жеттім» деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па?» – деп жазды продюсер.

Бағым Мұхитденова жазбасында күйеуінің назары мен қаржысына қатысты мәселені де қозғады.

«Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па?» – деді ол.

Продюсер бұл жағдайдың өзіне ауыр тигенін, алайда бәрін кешіргенін жеткізді.

««Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па?» – деп жазды ол.

Ол бірнеше жыл бойы бұл туралы ашық айтпай келгенін де атап өтті.

«Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па?» – деді Бағым Мұхитденова.

Соңында продюсер бұрынғы шәкіртіне өзіне қатысты пікір айтпауды ескертті.

«Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Бағым Мұхитденова шәкіртінің танымал болуына ықпал еткен әнді де атап өтті.

«Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан, қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа…» – деп жазбасын аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Мөлдір Әуелбекова туралы айтқан еді. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2