Мәзір

«Гүлнұрға обал»: Оразымбетованың күйеуімен түскен видеосы қызу талқыға түсті

«Гүлнұрға обал»: Оразымбетованың күйеуімен түскен видеосы қызу талқыға түсті «Гүлнұрға обал»: Оразымбетованың күйеуімен түскен видеосы қызу талқыға түсті
ашық дереккөз

Желіде танымал әнші Гүлнұр Оразымбетованың қонақта ән салып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Видео кадрларын Ержан Белғозиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның жазуынша, ол үйінде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүріп, белін ауыртып алған. Соның салдарынан жүріп-тұруы қиындаған.

«Үйде құрылыспен айналысып жүріп, белімді ауыртып алдым. Жүріп-тұру, қозғалу қиындыққа түсті. Бір кеште Жасан Зекейұлы досым үйге келіп, алтын инесін салып кетті. 2–3 күнде жақсы болдым. Жасай клиникасына сол үшін рақметімді жеткізгім келеді! Нұрғисаев Серікбай ағамен бірге ем қабылдадық. Қазір екеуміздің де денсаулығымыз жақсы. Емнен кейін кешкі асқа үйге шақырдым. Денсаулықтың арқасында достарыңмен сырласып, «Сырласу» әнін айтқанға не жетсін!» – деп жазды Ержан Белғозиев.

Видеода қонақтар арасында Гүлнұр Оразымбетова да бар. Әнші отырыс барысында «Сырласу» әнін орындаған.

Желі қолданушыларының назары әншінің өнеріне ғана емес, жанында отырған жолдасына да ауды. Олар видеодағы ер адамның әнге қосылмай отырғанын сөз еткен.

«Біздің күйеу бала көңілсіз ғой», «Қызылорданың күйеу баласы неге әнге қосылмай отыр?» деген пікірлер жазылған. Тағы бірқатар қолданушы Гүлнұр Оразымбетованың жолдасының жасы мен бұрынғы қызметіне қатысты пікір білдірген.

«Осы жылы 70-ке келеді ғой күйеуі, тек үлкен кісілер. Құдай сақтасын. Әрине, жағдайы жақсы болса да Гүлнұрға обал ғой», «Күйеуі бұрын Қызылорданың әкімі болған, осы кісіден екі ұлы бар», «Махаббат жасқа қарамайды деген осы шығар», – деп жазды олар.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2