Мәзір
Бүгін, 11:43 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қостанай облысында ер адам енесін мен әйелін өлтірген

Қостанай облысы Қарабалық ауданында 45 жастағы ер адам әйелі мен енесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды buginmedia.kz halyqstan телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қостанай облысында ер адам енесін мен әйелін өлтірген Қостанай облысында ер адам енесін мен әйелін өлтірген
Фото: t.me/halyqstan

Оның 10 жастағы ұлы да жараланған. Жасөспірім қызы да қаскөйден қашып үлгерген. Балалар оқиға орнынан қашып кеткен.

Полицейлердің хабарлауынша, 15 шілдеде Қарабалық ауылындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған.

Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде 45 жастағы Қарабалық ауылының тұрғыны ұсталған.

Қазіргі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдікті оқиға болған жерге жақын маңда орналасқан қорадан жаралы күйде табылған, болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оның отбасынан бөлек тұрғаны айтылады.

Апта талқысында: