Мәзір

Алматыдағы SMALL супермаркетінде тарақан жүрген видео тарады

Алматыдағы SMALL супермаркетінде тарақан жүрген видео тарады Алматыдағы SMALL супермаркетінде тарақан жүрген видео тарады
ашық дереккөз

Алматы қаласындағы Жібек жолы көшесі, 50 мекенжайында, «Жасыл базар» маңында орналасқан SMALL супермаркетінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда дайын тағамдар мен пицца сатылатын сөренің жанында жүрген тарақан көрінеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Желі қолданушысы жәндікті видеоға түсіріп, супермаркеттің ресми парақшасын белгілеген. Ол сауда орнында санитарлық талаптардың бұзылуына қатысты сұрақ қойған.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желінің өзге қолданушылары да аталған супермаркетке қатысты шағымдарын жариялап, өнімдердің үстінде жүрген жәндіктердің фотоларымен бөліскен.

Кейбір тұтынушылар осы жағдайдан кейін супермаркеттен дайын тағам сатып алудан бас тартатынын жазған.

Әзірге SMALL сауда желісінің өкілдері жарияланған видео мен тұтынушылардың шағымдарына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2