Мәзір
1 шілде, 2025 / BuginMedia / Саясат

Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
Фото: primeminister.kz

Ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі растады.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысының ұсталғанын растайды. Министрлік тергеу органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен көмек көрсетуде», – делінген ақпаратта.

1977 жылғы 4 қазанда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында туған. 

1999-2005 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігі маманы, жетекші маманы, бас маманы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау, бақылау бөлімінің басшысы.

2005-2013 жж. - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау және халықты жұмыспен қамту департаментінің директорының орынбасары, заң департаментінің, еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры, көші-қон комитет төрағасы.

2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы

2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасы денсаулық сақту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы.

2017–2019 жж - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2019-2020 жж. – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2020-2025 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

2025 жылғы 9 сәуірден Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті.

Апта талқысында: