Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Алматыда бұрынғы екі вице-министр мен Бірінші кредиттік бюроның экс-басшысына қатысты үкім шықты

Алматыда бұрынғы екі вице-министр мен Бірінші кредиттік бюроның экс-басшысына қатысты үкім шықты Алматыда бұрынғы екі вице-министр мен Бірінші кредиттік бюроның экс-басшысына қатысты үкім шықты
forbes.kz

Алматыда Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы келісімге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Іс бойынша екі бұрынғы вице-министр мен Бірінші кредиттік бюроның бұрынғы басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

11 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық соты істі қарап, айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.

Сот қандай шешім қабылдады?

Бірінші кредиттік бюроның бұрынғы бас директоры Руслан Омаров пара бергені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға көмектесу айыбы бойынша ақтау үкімі шығарылды.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бұрынғы басшысы, экс-вице-министр Даулет Арғандықов та бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға сотталды.

Ал осы орталықтың бұрынғы басшысы әрі бұрынғы бірінші вице-министр Акмади Сарбасов пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану айыбы бойынша ол ақталды.

Сондай-ақ орталықтың бұрынғы департамент директоры Тәуке Болатбаев пен қызметкері Ақжол Дошимов зиянды бағдарламаларды пайдаланғаны үшін 3 жылға сотталды. Алайда рақымшылыққа байланысты олардың жаза мерзімі 2 жылға қысқартылды.

Сот Руслан Омаров пен Даулет Арғандықовқа мемлекеттік қызметте және бірқатар ұйымдарда өмір бойы лауазым атқаруға тыйым салды. Ал Тәуке Болатбаев пен Ақжол Дошимовқа ақпараттық жүйелер, телекоммуникация желілері және бағдарламалық өнімдер саласында бір жыл жұмыс істеуге шектеу қойылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық іс неден басталды?

2025 жылғы маусымда Даулет Арғандықов, Руслан Омаров және Акмади Сарбасов ұсталған болатын.

Қаржылық мониторинг агенттігінің нұсқасы бойынша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы келісім талаптарын сақтап қалу үшін 75 мың доллар көлемінде пара берілген.

Тергеу мәліметінше, 2020 жылы жасалған келісім бойынша Бірінші кредиттік бюро көрсетілген қызметтерден түсетін кірістің 35 пайызын, ал мемлекеттік орталық 65 пайызын алған. Бұған дейін мемлекеттік орталықтың үлесі 70 пайыз болған.

Сонымен қатар тергеу барысында Бірінші кредиттік бюроның сұраныстарды кідіріссіз өңдеуіне мүмкіндік беретін сервис орнатылғаны, ал Мемлекеттік кредиттік бюроның ақпараттық жүйесіне сұраныстарды баяулататын зиянды бағдарлама енгізілгені анықталған.

ҚМА мемлекетке келтірілген шығынды 2 миллиард теңгеден астам деп бағалаған.

Адвокаттар болса, тергеу келтірген залал есебімен келіспеген. Қорғау тарапы келісім аясында жеке бюро жүйені жаңғыртуға шығынданғанын және мемлекеттік орталықтың кірісі де артқанын алға тартқан.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2