Қазақстанда дербес деректерді таратумен байланысты үш қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Құрылтай кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оның айтуынша, қазір арнайы құрылған жедел-тергеу тобы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр.
«Бір іс бойынша қылмыстық қудалау аясында үш адам бар. Іс Тергеу департаментінің өндірісінде. Үшеуі де сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді Санжар Әділов.
Министр орынбасары тергеліп жатқан істердің нақты қандай фактілерге қатысты екенін ашып айтпады.