Мәзір

Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық бойжеткеннің өліміне қатысты тың дерек шықты

Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық бойжеткеннің өліміне қатысты тың дерек шықты Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық бойжеткеннің өліміне қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөз

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы Қазақстан азаматы Айсұлу Бекмаханованың қаза табуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бейнебақылау камераларына түсірілген жазбаларда оның сүйіктісінің үйіне барып, кейін өзі тұрған ғимаратқа қайтып келгені көрінеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

DHA агенттігінің жазуынша, оқиға 25 қазанда таңғы сағат 09:15 шамасында Шишли ауданындағы Эргенекон көшесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Айсұлу өзі тұратын ғимараттың алтыншы қабатындағы балконнан көрші үйдің шатырына шыққан. Ол шатырдың ортасына қарай жүрген кезде астындағы панель сынып, қыз екінші қабаттың деңгейіне құлаған.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жеткен. Медициналық мамандар оның қайтыс болғанын анықтады. Қыздың денесі полиция мен прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізгеннен кейін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бірге тұрған қыз мен сүйіктісі ұсталды

Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады. Тергеу аясында Айсұлудың 22 жастағы ресейлік құрбысы Дарья Б. мен оның 35 жастағы сүйіктісі Мазхар Т. ұсталды.

Алайда сот шешімімен екеуі де елден шығуға тыйым салу шартымен босатылды. Олар іс бойынша тергеу жалғасып жатқан кезде Түркиядан кете алмайды.

Қайтыс болар алдында сүйіктісіне барған

Тергеу мәліметтері бойынша, Айсұлу оқиғадан бірнеше сағат бұрын сүйіктісінің үйіне барған. Мазхар Т.-ның айтуынша, қыз оған таңғы сағат 05:30 шамасында келіп, екеуі бірге уақыт өткізген. Айсұлу таңғы сағат 07:40 шамасында оның үйінен шығып кеткен.

Одан кейін қыз өзі тұратын ғимаратқа оралған. Оның көшеде жүргені және сүйіктісінің үйіне кіріп-шыққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Құрбысы оны шатырдан көрген

Дарья Б. полицияға берген жауабында таңғы сағат 08:15 шамасында Айсұлуды шатырдың шетінде отырған жерінен көргенін айтқан. Ол қызға ол жерде отырмауын ескерткен.

Алайда Айсұлу «Мен осында отырамын, сен ұйықта» деп жауап беріп, бөлмелесін ұйықтауға жіберген. Дарья сол кезде оның суретін де түсірген.

Кейін Дарья Б. бөлмесінде ұйықтап жатқанда қатты музыкадан оянғанын айтқан. Ол Айсұлуды бөлмеден таппаған. Көрші ғимараттың шатырындағы панельдің сынғанын естіген соң терезеден қарағанда қыздың жерде қозғалмай жатқанын көргенін мәлімдеген.

Айсұлу Түркияға туристік визамен келген

Тергеу барысында Айсұлу Бекмаханованың Түркияға туристік визамен келгені анықталды. Ол 8 қыркүйекте 22 жастағы бөлмелесі Дарья Б.-мен бірге елге кірген. Екі әйел Түркияға бірге келіп, бір пәтерде тұрған.

Қазіргі уақытта полиция қазақстандық қыздың өліміне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2