Мәзір
18 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша тергеу жалғасып жатыр – ІІМ

Шерзат Полаттың үйінің өртенуі мен Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істер әлі тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты,  деп хабарлайды buginmedia.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша тергеу жалғасып жатыр – ІІМ Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша тергеу жалғасып жатыр – ІІМ
Фото: kursiv.media

"Ол өрт бойынша “іс арнайы прокурордың өндірісінде. Ол жақта тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдарына қатысты түсініктеме бере алмаймын. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз” , - деді ол.  

Министрдің сөзінше,  Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу амалдары да жалғасып жатыр. 

Былтыр Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың кісі қолынан қаза болған. Ізінше оның отбасының үйі өртеніп, жақын бауыры Нұрғанат Ғайыпбаев қайтыс болды. Полиция "марқұм өзіне қол салғанын" айтқан. Марқұмның жақындары Ғайыпбаевтың "суицид жасағанына" сенбейтінін айтқан.

Жуырда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот аяқталып, сотталушылар 1,5 жыл мен 23 жыл аралығында түрме жазасын алған.

Апта талқысында: