Мәзір
Бүгін, 11:25 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматы облысында 21 жастағы қыз ерлер дәретханасынан өлі табылды

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 21 жастағы Диананың денесі табылды. Қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматы облысында 21 жастағы қыз ерлер дәретханасынан өлі табылды Алматы облысында 21 жастағы қыз ерлер дәретханасынан өлі табылды
Фото: видеодан алынды

"Информбюро" бағдларламасының хабарлауынша, Диананың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына күмән келтіреді. Олар қыздың өліміне басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деп санайды.

Туыстарының айтуынша, Диана қайтыс болар алдында анасымен бірге уақыт өткізген. Анасына сыйлық жасап, оны сұлулық салонына апарған. Сондай-ақ концертке билет алып берген. Кейін жұмыстан соң ағасына бармақ болған. Алайда түнде қыздан хабар болмаған.

Жақындарының сөзінше, Диананың денесінде көгерген іздер болған. Оның сөмкесіндегі 100 мың теңге мен алтын алқасы да жоғалған. Кейін қыздың кейбір заттары сайдан табылып, тергеушілерге берілген. Туыстары оқиға кезінде дәретхана маңында екі көлік пен төрт жас жігіт болғанын айтқан ықтимал куәгер туралы да мәлімдеді.

Полиция бұл дерек бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция қыздың өліміне қатысты барлық жағдайды анықтап жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2