Мәзір
6 қыркүйек, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтаудан әскерге кеткен сарбаз ауруханаға түсті: соталды тергеу басталды

Ұлттық ұлан Ақтаудан әскерге шақырылған сарбаздың Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінде соққыға жығылғаны туралы ақпаратқа қатысты соталды тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтаудан әскерге кеткен сарбаз ауруханаға түсті: соталды тергеу басталды Ақтаудан әскерге кеткен сарбаз ауруханаға түсті: соталды тергеу басталды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Тексеруді ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі жүргізіп жатыр.

Lada.kz мәліметінше, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы сарбаздың осы әскери бөлімде қызмет ететінін және қазір ауруханада жатқанын растаған.

«Тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Жан-жақты әрі объектив тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады ведомство.

Оқиға қалай болған?

Ақтаудың 18 жастағы тұрғыны Досымбет 3 шілдеде мерзімді әскери қызметке шақырылып, Ақтөбеге жіберілген.

Сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаеваның айтуынша, 4 қыркүйекте оған ауруханадан хабарласып, ұлының үш күннен бері медициналық мекемеде жатқанын айтқан.

Алдымен сарбазды уролог тексерген. Сараптама кезінде инфекция анықталмаған соң, оны травматолог қараған.

Анасының сөзінше, дәрігермен сөйлесу кезінде ұлы әскери бөлімде өзін ара-тұра ұрып-соғатынын айтқан.

Кейін сарбаз полиция бөлімшесімен бейнебайланысқа шығып, оған аға сержант пен тағы екі сержанттың қатысы бар екенін мәлімдеген. Сарбазбен сөйлескеннен кейін травматолог полиция шақырған. Әскери қызметші арыз жазған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі адамдардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2