Мәзір
Бүгін, 11:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде екі адамның қаза болуына қатысты іс қайта қаралатын болды

Қызылорда облысында кәріз құбырларын тазалау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан екі жұмысшы улы газдан уланып қайтыс болған. Осы іске байланысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (МКК) бұрынғы директоры мен шебері сотталған,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанның оңтүстігінде екі адамның қаза болуына қатысты іс қайта қаралатын болды Қазақстанның оңтүстігінде екі адамның қаза болуына қатысты іс қайта қаралатын болды
фото: Natalia Kokhanova/Getty Images

Бас прокуратураның хабарлауынша, сот оларды Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, қаза болған жұмысшылардың жақындарына материалдық және моральдық шығын төлеуге міндеттеген.

Алайда сотталғандар шығынды төлемеген. Осыған байланысты қаза болғандардың өкілі Бас прокуратураға шағымданған.

Істі қайта зерделеген прокуратура еңбек инспекциясының қорытындысына назар аударған. Онда жұмысшылардың кінәсі 0 пайыз, ал жұмыс беруші – заңды тұлғаның кінәсі 100 пайыз деп көрсетілген.

Прокуратураның мәліметінше, заң бойынша адамдардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін қызметпен айналысатын кәсіпорын келтірілген зиянды өтеуге тиіс.

Осыған байланысты Бас прокуратура сотталған қызметкерлер емес, зиян келтірген кәсіпорын жауапты болуы керек деген ұстаным білдірді. Прокуратура МКК-ны азаматтық жауапкер ретінде тарту үшін сот үкімінің азаматтық талапқа қатысты бөлігін қайта қарауды сұрап, кассациялық наразылық енгізді.

Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырды. Сот үкімінің азаматтық талапқа қатысты бөлігі жойылып, іс осы бөлігін қайта қарау үшін басқа құрамдағы сотқа жіберілді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2