Мәзір
9 маусым, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Астанадағы автобус апатынан кейін аяғынан айырылған қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтер берілді

Астанадағы автобус апатынан зардап шегіп, екі аяғынан бірдей айрылған қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды buginmedia.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанадағы автобус апатынан кейін аяғынан айырылған қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтер берілді Астанадағы автобус апатынан кейін аяғынан айырылған қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтер берілді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Осыған дейін зардап шеккен отбасыға қандай қоодау шаралры көрсетілетіні хабарланған болатын.

Апта талқысында: