Мәзір

Астанада қоғамдық көлік ақысы қашан 150 теңге болады?

Астанада қоғамдық көлік ақысы қашан 150 теңге болады? Астанада қоғамдық көлік ақысы қашан 150 теңге болады?
Фото: gov.kz

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 2014 жылдан бері алғаш рет айтарлықтай көтерілуі мүмкін. Қазір қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жолақы 110 теңге болса, желтоқсан айының ортасынан бастап оны 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қалада жол жүру ақысы 2014 жылы 90 теңге болып белгіленген. Содан бері тариф бір рет қана қайта қаралып, 110 теңгеге дейін өскен.

Алайда осы уақыт ішінде қоғамдық көлік қызметіне қажетті негізгі шығындар да бірнеше есе артқан. Мәселен, 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге тұрса, қазір оның бағасы 329 теңгеге жеткен. Яғни жанармай құны үш еседен астам өскен.

Жүргізушілердің жалақысы да артты. Егер 2014 жылы олардың орташа еңбекақысы 100-150 мың теңге шамасында болса, қазір автобус класы мен жұмыс кестесіне қарай 700 мың теңгеден басталады.

Бұдан бөлек, қосалқы бөлшектер, дөңгелектер мен аккумуляторлардың бағасы, автобустарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығындары да қымбаттаған. Жаңа автобустарды сатып алу құны да өскен.

Шығындардың артуына қарамастан, елордада қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жалғасып келеді. Соңғы үш жылда тасымалдаушылар қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық талаптарға сай 1127 жаңа автобус сатып алған.

Сонымен қатар қалада халықтың әлеуметтік осал санаттарына арналған жеңілдіктер сақталған. Астана мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы шешіміне сәйкес, бірқатар азамат қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие.

Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және олардың бір ата-анасы бар. Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылып, ақталған азаматтар да тегін жүреді.

Бұдан бөлек, 2020 жылғы наурыздан бастап Астанада тұратын 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікті тегін пайдаланады.

Тасымалдау тарифтерін есептеу әдістемесіне сәйкес, 2026 жылы бір жолаушыны тасымалдаудың орташа құны қолданыстағы жолақыдан әлдеқайда жоғары болған.

Осыған байланысты шығындарды өтеу, автобустардың тұрақты қатынасын қамтамасыз ету, көлік паркін жаңарту және маршрут желісін дамыту мақсатында жолақыны 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр. Жаңа тариф желтоқсан айының ортасынан бастап қолма-қол ақшасыз төлемге енгізілуі мүмкін.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2