«Қызға көмек жағына келсек, сақтандыру көлемі 20 миллион теңгенің маңайында және әкімшілік қазіргі уақытта 10 млн теңге берді. Қосымша тағы 10 миллион теңге береміз деп жоспарлап отырмыз және баспана мәселесін шешеміз», - деді Қасымбек Ақорда кулуарында.
Қала әкімінің айтуынша, автобус жүргізушісі тәжірибелі, қоғамдық көлік жаңа болған. Кінәлілерді тергеу анықтайды.
Естеріңізге салайық, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы Республика даңғылымен келе жатып, жол жиегіндегі бағанға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам ауруханаға түскен, оның ішінде алтауы – бала болған. Ауыр жарақат алған сегіз жасар қыз бала екі бірдей аяғынан айырылды. Зардап шеккен қыз бауырларымен бірге Астанаға қыдырып келген. Көпбалалы отбасы Ақмола облысындағы ауылда тұрады.