Барлық медициналық процедуралар арнайы стандарттарға сай, мамандардың бақылауымен жүргізілуде.
"Пациент Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр", – деп жауап берді мекеме өкілі.
Сара Назарбаева мамыр айының басында бұрынғы "Совминка" деп аталған ауруханаға жатқызылған болатын. Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымының денсаулығына қатысты ақпарат дәрігерлік құпия саналады.
Біраз уақыттан кейін қазақстандық БАҚ-та Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Алайда бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды.