ЖАРҒАНАТТАН АНЫҚТАҒАН
Гуанчжоу, Қытай Ғылым академиясы, Ухань университеті және Ухань вирусология институтының зерттеушілері бұл вирусты Гонконгте мекендейтін жапон тегісмұрын жарғанаттарынан тапты.
АДАМДАР ҮШІН ҚАУПІ АЗ
Мамандардың айтуынша, HKU5-CoV-2 адам рецепторы ACE2-пен әрекеттесе алады. Алайда, ғалымдар бұл вирустың адамдар арасында таралу қаупі төмен деп бағалайды.
ӘЛІ ЗЕРТТЕЛІП ЖАТЫР
Зерттеуді коронавирус бойынша көптеген зерттеулерімен танымал вирусолог Ши Чжэнли басқарды. Мамандар жаңа штаммды әрі қарай зерттеп, оның адам үшін қаншалықты қауіпті екенін анықтау керек деп кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында америкалық конгрессмендер COVID-19-дың зертханалық шығу тегі бар екенін және оның Уханьнан таралғанын мәлімдеген еді.