Мәзір
18 қазан, 2024 / BuginMedia / Мәдениет

Энергетикалық сусындардың зияны: танымал актер қатерлі ісікке шалдығуының себебін айтты

Қатерлі ісікпен күресіп жатқан актер Мұрат Бисембин сырқатқа шалдығу себебін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Энергетикалық сусындардың зияны: танымал актер қатерлі ісікке шалдығуының себебін айтты Энергетикалық сусындардың зияны: танымал актер қатерлі ісікке шалдығуының себебін айтты
Фото: видеодан алынды

Тележурналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында ол дер кезінде денсаулығына көңіл бөлмегеніне өкінетінін айтқан.

"Жыл сайын бір рет чекаптан өтіп тұру керек. Қазір түрлі жарнамалары шығып жатыр, мен соған кеңес берер едім. Қолыңызда ақшаңыз болса, бірден чекап жасатып алыңыз. Ертең не ішемін, қалай күн көремін деп ойламай-ақ қойыңыз. Әрі кетсе 1000 доллар жұмсайсыз. Сол кезде бір сырқатыңыз дер кезінде анықталады. Ол тек қатерлі ісікке қатысты емес. Мүмкін терапиялық ем қолданып, енді ғана білініп келе жатқан сырқаттың алдын алуыңыз мүмкін. Мен чекаптан өтпедім. Сол баяғы қазақшылыққа салынып, "Ой маған не үшін, еш жерім ауырмайды" дедім. Кейін денсаулығыма салғырт қарағаным үшін, қатты өкіндім", – дейді актер.

Оның сөзіне қарағанда, қанша жаттығу жасаса да, салмақ қоса алмаған.

"6 жылдан бері ашығу режимін ұстаймын. Спортпен шұғылданамын. Бірақ салмағым сол күйі тұрды. Әйелім байқап, дабыл қақты. Егер асқазаныңызда ешқандай мәселе болмаса, жиі ашығып тұрған дұрыс. Одан қорқудың қажеті жоқ. Одан кейін алты жыл бойы ашқарынға энергетик сусын іштім. Сосын қантсыз коланы таңертеңнен кешке дейін ішіп жүрдім. Осылар менің тәбетімді тежейді деп ойладым. Өйткені қанша тамақ ішіп, спортпен айналыссам да, салмақ қоспадым. Менің диагнозымның ең бірінші белгісі – салмақ жинай алмай қалу екен. Бірақ сусындар менің денсаулығыма зиянын тигізді. Қатерлі ісікке шалдығуымның бірден бір себебі де осы зиянды сусындар болуы мүмкін", – деді актер.

Актер түскен “Рэкетир” фильмі екі мыңыншы жылдардың басында көп қаралған. Туынды тоқсаныншы жылдары криминалдық топтарда болған жігіттердің өмірін баян етеді.

Апта талқысында: