Мәзір
Бүгін, 18:03 / BuginMedia / Жаңалықтар

Бауыржан Байбектің үйінен құны 90 млн теңге болатын сағаттары ұрланған

Астанада бұрынғы Алматы әкімі әрі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбектің үйінен қымбат сағаттар ұрланған. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлімдеді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Бауыржан Байбектің үйінен құны 90 млн теңге болатын сағаттары ұрланған Бауыржан Байбектің үйінен құны 90 млн теңге болатын сағаттары ұрланған
Фото: Михаил Козачков телеграм-арнасы

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бұрынғы шенеуніктің көмекшісінің көмекшісі болып жұмыс істеген 31 жастағы Нурболат есімді ер адам. Ол үйде бағалы заттардың қай жерде сақталатынын білген.

Байбектің отбасы шетелге кеткен уақытта күдікті қызметтік көлікте болған қосалқы кілттерді пайдаланып, үйге кірген. Алайда ол сағаттарды жай ғана алып кетпей, олардың түпнұсқаларын алдын ала сатып алған көшірмелерімен ауыстырған.

Ұрланған сағаттардың арасында Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne маркалары болған. Олардың жалпы құны шамамен 90 млн теңге деп бағаланып отыр.

Үй иелері елге оралғаннан кейін сағаттардың түпнұсқа емес екенін анықтап, полицияға хабарласқан.

Құқық қорғау органдары күдіктіні жедел анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамаған. Тергеу барысында ол қылмысын мойындап, ұрланған заттарды сатып алушының аты-жөнін айтқан.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полицияның мәліметінше, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы мен қылмыстық істің одан әрі саралануы тергеу нәтижесіне қарай анықталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2