Мәзір
Бүгін, 11:38 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Аңыз адамнан алдым»: Димаш Құдайберген актер Кемеңгер Оралға көлік сыйлады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнердегі інісі, актер Кемеңгер Оралға көлік сыйлаған. Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Аңыз адамнан алдым»: Димаш Құдайберген актер Кемеңгер Оралға көлік сыйлады «Аңыз адамнан алдым»: Димаш Құдайберген актер Кемеңгер Оралға көлік сыйлады
әлеуметтік желіден

Кемеңгер Оралдың айтуынша, сыйлық оның туған күні мен премьерасы қатар келген ерекше күнде табысталған. Ол Димаш Құдайбергеннің үнемі қолдау көрсетіп, еңбегіне сенім білдіріп жүргенін атап өтті.

«Ағайын, Легендадан көлік алдым сыйлыққа. Құттықтап қойсаңыздар болады! Әуелі Алла, сосын сізге рақмет, аға!» – деп жазды актер.

Орал Димашпен бірге жүрген уақытында көп нәрсе үйренгенін айтып, әншінің қолдауын өзі үшін үлкен мәртебе санайтынын жеткізді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2