Мәзір
Бүгін, 11:11 / BuginMedia / Мәдениет

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 3 жылға сотталуы мүмкін

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген, яғни онлайн-платформалар арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 3 жылға сотталуы мүмкін Актер Нұрсұлтан Жақсыген 3 жылға сотталуы мүмкін
Фото: видеодан алынды

kursiv.media жазуынша, егер сот актердің кінәсін дәлелдесе, оған 3 000 АЕК-ке дейін, яғни 12,975 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір Нұрсұлтан Жақсыген үйқамақта отыр. Бұған дейін оның адвокаты бұлтартпау шарасын «ешқайда кетпеу туралы қолхатқа» өзгертуді сұраған. Алайда судья Шолпанқұлова өтінішті қанағаттандырмады.

Іс актердің бұрынғы жұбайы Фариза Сабыралиевамен сот дауына байланысты болып отыр. Бұған дейін Сабыралиева әлеуметтік желіде өзі туралы жалған әрі абыройына нұқсан келтіретін ақпарат тарағанын мәлімдеген. Ол бұл туралы видео жариялаған

Сабыралиеваның айтуынша, қылмыстық іс барысында Жақсыген одан кешірім сұраған. Алайда ол кешірімді қабылдамай, бұрынғы жұбайына қатысты сотқа жүгінген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2