Мәзір
Бүгін, 15:10 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Өзге ер адаммен сахнаға қалай шығасыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова актер Азамат Сатыбалдымен түскен фотоларын түсіндірді

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен фотоларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz

"Өзге ер адаммен сахнаға қалай шығасыз": Жұлдыз Әбдікәрімова актер Азамат Сатыбалдымен түскен фотоларын түсіндірді "Өзге ер адаммен сахнаға қалай шығасыз": Жұлдыз Әбдікәрімова актер Азамат Сатыбалдымен түскен фотоларын түсіндірді
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Өнер иесінің айтуынша, ол соңғы жариялаған жазбалары мен ондағы суреттердің көп талқыланып жатқанын байқап жүр. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.

Актриса сол пікірлердің ішінен өзіне ерекше қызық болған біріне жауап беруді жөн көргенін айтты.

«Кей оқырман былай депті: “Сіз тұрмыстағы әйелсіз. Күйеуіңіз, балаларыңыз, ағайын-туыс қарап отырғанда, былай фотоға түсуге болмайды. Өзге ер адаммен сахнаға қалай шығасыз?” деп сөгіпті. Енді жауап берейін. Бұл – менің мамандығым. Мәселен, сіз дәрігерсіз. Хирургсыз. Сонда алдыңызға жаны қиналып, ота жасатуға келген науқасқа: “Кешіріңіз, мен тұрмыстағы адаммын. Күйеуім, әйелім бар. Өзге еркекке, әйелге ота жасамаймын” дейсіз бе?» – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса мамандық пен жеке өмірді араластырмау керектігін айтып, өз ұстанымын осылай түсіндірді.

Сонымен қатар, актриса бұқаралық ақпарат құралдарына да үндеу жасап, жеке өміріне қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат тарататындарға заң аясында шара қолдануы мүмкін екенін ескертті.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2